Текст
Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Ақкөл ауданының Новорыбинка орта мектебінде ағымдағы жылдың 18 сәуірінде шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу үрдістерін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Ақмола облысының бірнеше ауданыннан 38 мұғалім қатысты.