2017 жылдың 14 сәуір айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық
ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті 11 сынып оқушылары арасында IV Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада физика, математика, биология, химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- Оқушылардың физика, математика, биология, химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндерін тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамыту;
- Оқушыларға білімнің кез-келген саласындағы жаңа жетістіктермен таныстыру:
- Оқу және кәсіби мотивация деңгейін арттыру.
Олимпиадаға облыстың Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, Астана қаласы,дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Астана дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан және Көкшетау қаласынан барлығы 72 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің облыстан 6 оқушы II дәрежелі дипломмен марапатталып, грантқа ие болды. II дәрежелі дипломмен 6 оқушы марапатталды:
1. Мұстақап Тәукехан – «Физика» пәні бойынша Шортанды ауданы №3 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
2. Мрзакарим Айтолқын – «Ағылшын тілі» пәні бойынша Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
3. Сулейменова Сания – «Биология» пәні бойынша Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
4. Тулебаева Дана «Жалпы тарих» пәні бойынша Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
5. Нурболат Назерке – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
6. Амангельдина Данель – «География» пәні бойынша Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 11-сынып оқушысы.
Олимпиаданың қатысушыларына сертификат және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситетіне түсу кезінде 25 % жеңілдік берілді. Барлық пән мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.