«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ЖМБ пәндерді оқытудың заманауи тенденциялары: тәжірибелер, проблемалар, даму векторлары" тақырыбында өңірлік семинар туралы

14.04.2017

Ақмола облысы білім басқармасы «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 12 сәуір күні  Есіл ауданы, Есіл қ., С.Серіков атындағы ОМ базасында "ЖМБ пәндерді оқытудың заманауи тенденциялары: тәжірибелер, проблемалар, даму векторлары" тақырыбында өңірлік семинар өтті. Семинар жұмысына Зеренді, Атбасар, Сандықтау, Жақсы және Жарқайың аудандарынан 72 педагог қатысты. Семинардың ерекшелігі үштілділікті енгізу және жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту аясында ЖМБ пәні, бастауыш сынып және ағылшын тілі мұғалімдерін біріктіру. Семинар үш бағытта өтті: ашық сабақтар, шеберлік сабағы, Есіл аудандық педагогтардың жобалар әдісі бойынша тәжірибе көрінісі. Соңында қатысушылар коучинг барысында, SWOT-талдау әдісін пайдалана отырып, семинар барысында алған барлық ақпаратты талдау призмасы арқылы талдауға тырысты. Семинар өте қызықты және мазмұнды болды, ЖМБ пәндерді оқыту әдістемесі бойынша өзекті мәселелер және проблемалар талқыланды, Ақмола облысы ПШО әзірленген бастауыш мектепте білімді бағалаудың сегіз өлшемдері бойынша ұсынымдар берілді.

   Семинардың соңында бастауыш мектеп, орта және жалпы білім беруді одан әрі сабақтастыру, жаңартылған білім беру мазмұнының  идеяларын жетілдіру, ағылшын тілінің  дағдыларын дамыту ұсынылды. Ең белсенді қатысушыларға қорытындысы бойынша сертификаттар берілді.

 

 

 

Просмотров: 767


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст