«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы бойынша «Білімге жол» облыстық зияткерлік марафонының өткені туралы ақпарат

10.04.2017

ҚР Конституциясына, ҚР 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасына, «Бала құқықтары туралы» Конвенциясына, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетушілік қолдау туралы» Заңына (2002 ж.) сәйкес және Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 16  наурыздағы № 01/1421 хатының негізінде «Интеллектуальдық  марафонының  облыстық кезеңін « Білімге апарар жол» атты 2017 жылғы 8 сәуір күні     Бурабай ауданы Щучинск қаласының  №7 мектеп лицейінің базасында Ақмола облысының арнайы түзету білім беру ұйымдарының балалары мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптар оқушылары арасында өтті. Марафон 2 кезеңнен құралды: 1 кезең – облыстық, 2 кезең – республикалық. Марафон екі жас санаты бойынша өтеді:  мектеп алды даярлық топ балалары, 1-2 сынып оқушылары арасында өтеді. және түрлі бағыттар бойынша қызықты тапсырмалар енеді.

Зияткерлік марафонда Атбасар, Бурабай, Буланды аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 100 оқушы көлемінде 10 команда құрылды.

Осы шараны өткізу мақсаты кішкентай сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипатындағы есептерді шығару қабілетін анықтау және оны дамыту, жетістік/кемшілік және құрылымды қимылдау икемдерінің себептерін түсіну. Бұл процесс білім беру саласындағы таңдауды анағұрлым жеңілдетеді, бала қабілетін дамытудың мейлінше дұрыс жолын таңдауға көмектеседі, жеткіншектерге жоғары сапалы білім беру біздің еліміздің XXI ғасырдағы жетістігінің кепілі емес пе.

Жұмыс 10 бекет бойынша өтті: «Мирас», «Полиглот», «Әдебиет», «Өзін-өзі тану», «Математика», «Қисын», «Шығармашылық», «Квест», «Театр», «Спорт».

Қатысушылар командасын еріктілер мен сынып жетекшілері алып жүрді. Сынып жетекшілеріне маршруттық парақтар таратылды. Әр тапсырмаға 12 минут кетті. Балалар әр бекетте тоқтап нұсқаушының сүйемелдеуімен тапсырмалар орындады. Балалар алған тапсырмаларын қызығушылықпен орындады.

Марафонды өткізудің мазмұны мен шарттары әр оқушыға өзін көрсетуге, қатысудан ләззат алуға, өзінің мүмкіндіктерін сезінуге мүмкіндік береді. Марафонның қортындысы бойынша келесі номинациялар анықталды:

- Степногорск.қ. Л.Толстогй атындағы  №4  мектеп  –лицейінің  «ҮМІТ ЖҰЛДЫЗЫ» номинациясының жеңімпаздары;

-      Атбасар ауданы  Атбасар.қ. №2 орта мектебінің  «ЖАС ӨНЕРПАЗДАР» номинациясының жеңімпаздары;

-       Бурабай ауданы Щучинск.қ. №8 мектеп –гимназиясының  в номинации «ЭРУДИТЫ»

- Көкшетау қаласы әкімдігінің "М.Ғабдуллин атындағы№3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының «ЮНЫЕ МУДРЕЦЫ»

-Буланды ауданы Макинск.қ. «Балуан Шолак» атындағы мектеп лицейінің «УМНИКИ И УМНИЦЫ» номинациясының жеңімпаздары;

- Бурабай ауданы Щучинск.қ. №9 мектеп- гимназиясының «НАШИ ЗВЕЗДОЧКИ» номинациясының жеңімпаздары;

-Бурабай ауданы Щучинск.қ. «Шұғыла» шағын орталығының  «НАША ГОРДОСТЬ» номинациясының жеңімпаздары; Бурабай ауданы Щучинск.қ мектеп интернаты «АСЫЛ МҰРА» номинациясының

жеңімпаздары;  

-      Бурабай ауданы Щучинск.қ «Гүлдер» Қоғамдық қорының  «ЖАС ӨРКЕН » номинациясының

жеңімпаздары;    

-        в номинации «АСЫЛ МҰРА» - школа-интернат г. Щучинска. Бурабайского района;

Барлық қатысушыларға марафонды ұйымдастырушыларынан, жеңімпаздар жалпы есеппен Ұйымдастыру комитетінің Дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Конкурс жеңімпаздарын даярлаған мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталады. Барлық балалар үшін  жарқын оқиға, жарыстың толқытар сәті болды. Ата-аналар үшін үйде қандай ойындар мен әдіс-тәсілдер қолдану керектігін біліп алу мүмкіндігі, балаларының ой жүйесінің математикалық немесе гуманитарлық екендігін түсінуі. Мұғалімдер үшін жас дарындармен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру әдістерін, жаңа тәсілдермен үйретуді тану.Ғалымдар үшін білім берудің теориясы мен  практикасын біріктіру, бақылау мен талдау алаңы.

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст