«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы олимпиада туралы баспасөз хабарламасы

07.04.2017

Білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылы 6 сәуір күні өзге ұлт студенттерінің арасында қазақ тілі пәнінен, ағылшын тілін арнайы пән ретінде және Қазақстан

тарихын оқитын студенттер арасында ағылшын тілінен олимпиада өтеді.

Олимпиадаға жалпы орта білім беру базасында  білім алатын ТжКББ  ұйымдарының  70-тен астам студенттері қатысады. Олимпиаданың мақсаты: лингвистикалық тұрғыдан талантты, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге, интеллектуалдық және рухани дамуға қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және оларды қолдау.

Қатысушыларға қазақ және ағылшын тілдері бойынша эссежазып  және шешендік өнерлерін көрсете білулері қажет еді. Ал, Қазақстан тарихынан тест тапсырмаларын орындау қажет.

Екі тур қорытындысы бойынша олимпиаданың ең үздік жеңімпаздары мен жүлдегерлер болып атанғандар: Ұйымдастырушылар блиц-турнир нәтижелері бірлікті және достықты нығайтуға оң әсер ететіне үміт артады. Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы оқужылында шығармашылық табыс тілейміз!

  I орын төмендегі пәндер бойынша:

Қазақстан тарихы (қазақ тілінде оқытылатын): Нурулла Замира, Көкшетау жоғары медициналық

колледжі; Қазақстан тарихы (орыс тілінде оқытылатын): Хакимзянова Айгуль, «Арна»  Көкшетау колледжі;

Ағылшын  тілі:

Рамазанов  Айдын Щучинск қ.,педагогикалық колледжі;

Қазақ тілі: Касымов  Ахмет, Аршалы ауданы, Аршалы а., №  4 агротехникалық колледжі.

  II орын төмендегі пәндер бойынша:

Қазақстан тарихы (қазақ тілінде оқытылатын):  ӘбілмәжіноваГүлнұр,

Бозайғыр а., № 5  агротехникалық колледжі;

Қазақстан тарихы (орыс тілінде оқытылатын):

Парфенова Дарья, Көкшетау жоғары медициналық колледжі;

 

Ағылшын тілі:

Талапкерова Аружан, Көкшетау қ., Ж.Муси атындағы педагогикалық колледжі;

Қазақ тілі:  Истомина Вероника,  Атбасар қ., № 11 агротехникалық колледжі, Тарасова Анастасия, Көкшетау гуманитарлық- техникалық колледжі

 

III орын төмендегі пәндер бойынша:

Қазақстан тарихы (қазақ тілінде оқытылатын): Есиркепов Қоблан, Көкшетау қ., Азаматтық  қорғаныс көпсалалы

колледжі;

Қазақстан тарихы (орыс тілінде оқытылатын): Тонких Ярослав, Көкшетау гуманитарлық- техникалық колледжі;

Ағылшын тілі: Копей Айдана, Көкшетау

қ., Ж.Мусин атындағы педагогикалық  колледжі;

Қазақ тілі:  Буркина Валентина,  Степногорск қ., №2 құрылыс- техникалық колледжі;  Насиртаева  Мафтуна,  Көкшетау қ., №1 сервистік- техникалық колледжі; Винниченко Екатерина, Көкшетаужоғары медициналық колледжі.

Олимпиаданың 10 қатысушысы  интеллектуалды жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткендері үшін «Пәнді  оқудағы ерекше жетістіктері үшін»мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және білімнің жаңа белестеріне жете берулеріне тілектеспіз!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 620


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст