2017 жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы Ақмола облысының Білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе «Жетекші мектеп: орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасын дамыту факторы» атты облыстық семинар өткізді.
Ақмола облысының ОӘК директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Г.Б алғы
сөз сөйледі. Пленарлық отырыста Жақсы ауданы әдістемелік кабинетінің меңгеруші Ергалиева А.Е., Целиноград ауданы Жетекші мектеп директоры Кульмаганбетов Т.М және Шортанды ауданы Жетекші мектеп үйлестірушісі Коршунова Н.В., сөз сөйледі. Барлық баяндамалар орта блім беру мазмұнын жаңартуға байланысты жалпы білім беру мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіне өзгеріс енгізу идеяларымен бөлісті. Жетекші мектеп директоры жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы және деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау көрсету қалай іске асырып жатқандықтары туралы баяндады. «Қалыптастырушы бағалау» тақырыбына Жетекші мектеп үйлестірушілерінің қашықтықтан оқыту курсының қорытындысы жасалды. Аталмыш курсты сәтті аяқтаған мектеп үйлестірушілерін сертификатпен марапаттау рәсімі болды, сондай-ақ орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында серіктес мектептермен әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда жоғары кәсібилік танытқан 5 үйлестіруші аталды.