«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Педагогикалық қызметкерлердің білім беру мазмұнын жаңарту аясында үздіксіз білім алуы" тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинардың өткізілу қорытындысы

18.03.2017

2017 жылғы 17 ақпанда Сандықтау ауданы білім беру бөлімінің 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары шеңберінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері: Пазылова Гульмира Шойғарақызы, Журба Лилия Витальевна және Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің инновациялық, эксперименталды және зерттеулік жұмысы бойынша кабинетінің эксперименталды, инновациялық зерттеу жұмыс бөлімі Иманова Р.А. әдіскерінің қатысуымен Максимовка орта мектебінде "Педагогикалық қызметкерлердің білім беру мазмұнын жаңарту аясында үздіксіз білім алуы" тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар болып өтті.

Семинарға аудандардың орта, негізгі және бастауыш мектептері педегогтары, сонымен қатар АӘК меңгерушілері, ББ ОӘК, аудандық білім бөлімдерінің, «ПШО» филиалының «НЗМ» ДАҚ әдіскерлері қатысты.

Семинардың практикалық бөлігінде бастауыш сынып мұғалімдерімен 3 ашық сабақ өткізілді.

Семинар соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда критериалды бағалау бойынша проблемалық сұрақтар, білім беру мазмұнын жаңартумен байланысты 1-ші сынып педагогтарының алдында туындайтын қиындықтар талқыланды және өткізілген ашық сабақтарға талдау жасалды.

Просмотров: 628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст