«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезенінің қорытындысы туралы ақпарат

18.03.2017

Ғылым мен білімді біріктіру, ұрпақты жалғастыру, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын (одан әрі- Байқау) өткізеді.

Осы жылы Байқау ақпан аралығында Алматы қаласында «Алатау» емдеу- сауықтыру кешенінде өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ғылыми қолдауымен өткізілді. Республикалық ғылыми жобалар байқауы – бұл «Қазақстан – 2050» стратегиясы тұрғысынан республиканы экономикалық және әлеуметтік – мәдени дамыту үлгісі» тақырыбында өтетін оқушылардың ғылыми зерттеу байқауы.

Байқау төрт бағытта өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық дамудың негізгі түйіні», «Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің математикалық модельдеу», «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан–2050» стратегиясын жүзеге асыру негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен келешектегі туристік бағыттар».

Байқаудың соңғы кезеңіне біздің республикамыздың 14 облыстан 708 жас зерттеушілер қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалардың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының құрама командасын 21 жобамен 24 оқушы таныстырды, олардың ішінде 3 командалық жоба.

Байқауға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облыстан 8 жобамен 9 оқушы (оның ішінде 1 командалық жоба) жеңімпаз атанды, олардың ішінде 2 оқушы - бірінші орын, 7 оқушы - үшінші орын және 2 оқушы грамотамен марапатталды.

1.Баукен Алуа - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, «Химия» секциясы-1 орынға ие болды;

2.Атымтай Күлжиян - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, «Этномәдениеттану» секциясы -1 орынға ие болды;

3.Шакенова Мадина - Көкшетау қаласы, №17 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Қоршаған ортаны қорғау және адамның денсаулығын сақтау» секциясы – 3 орынға ие болды;

4.Молдабеков Абылай - Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, «Қолданбалы математика» секциясы- 3 орынға ие болды;

5.Громова Анастасия - Атбасар ауданы, №3 Атбасар орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Өлкетану» секциясы-3 орынға ие болды;

6.Кан Елена - Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, «Тіл білімі» секциясы-3 орынға ие болды;

7.Овчинникова Елена - Бұланды ауданы, Журавлёвка мектебінің 10 сынып оқушысы, «Әдебиет» секциясы-3 орынға ие болды;

8.Тулеген Мадина, Хамит Айжан - Жақсы ауданы, №1 Жақсы орта мектебінің 9 сынып оқушылары, командалық жоба «Әдебиет» секциясы-3 орынға ие болды;

9.Каиргельдинов Ахат - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы, «Химия» секциясы-грамотамен марапатталды;

10. Кантарбаева Аружан - Бурабай ауданы, жалпы типтегі мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, «Экономика» секциясы-грамотамен марапатталды.

Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезенінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст