«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МДМ инклюзивтік білім беру кеңістігін құру туралы» облыстық семинардың өткізілуі туралы ақпарат

18.03.2017

Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 15 наурызда Көкшетау қ. «№7 «Айша» бала бақшасысында «МДМ инклюзивтік білім беру кеңістігін құру туралы» тақырыбы бойынша Көкшетау қ. балабақшалар меңгерушілеріне арналған облыстық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін-өзі толыққанды тұлғалық көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейімделу және түзету-дамыту ортасын құру бойынша проблемалар мен перспективаларды анықтау.

Семинарға Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскерлері, Көкшетау қ. білім бөлімінің инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бойынша әдіскерлері, Көкшетау қ. мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілері қатысты.

Семинарды құттықтау сөзімен Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты М.У. Ибраев ашты және жүргізді.

Семинар жұмысы екі бөлімнен тұрады:

I бөлім практикалық

II бөлім теориялық

Семинардың І бөлігінде балабақша тәрбиешілері Кибатова Б.Ж., Рахимжанова А.Б., Макатова Л.К., Абдульманова Г.Ж., Мустафина Д.Е, Можебаева Т.Е. санаторлық және логопедтік топтарда дене тәрбиесі, бейнелеу, қоршаған ортамен таныстыру, орыс тілі және математика пәндері бойынша сабақтар өткізді.

Семинардың ІІ бөлімінде №7 «Айша» б/б меңгерушісі Бану Набиқызы Нупилова; №7 «Айша» ИБ облыстық ресурстық орталығының педагог-үйлестірушісі, дефектолог-мұғалім Алмагуль Қойбағарқызы Аленова; №7 «Айша» б/б түзету кабинеті және инклюзивтік білім беру әдіскері, психолог- Алтын Әлібекқызы Орынбаева; №7 «Айша» б/б логопеді Баян Санайқызы Боскумбаева; №7 «Айша» б/б дефектолог мұғалімі Дана Таубайқызы Тулеуова; №7 «Айша» б/б дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы Бейнегуль Жеңісқызы Кибатова; Ақмола облысы білім басқармасының ОӘК әдіскері Жанар Кадырбекқызы Тұрсынбекова; ИБ облыстық ресурстық орталығының үйлестірушісі, № 19 ОМ дефектолог-мұғалімі - Ольга Геннадьевна Дмитриева-Лепешева баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдап, негізгі бағыттарды , мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін-өзі толыққанды тұлғалық көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейімделу және түзету-дамыту ортасын құру бойынша проблемалар мен перспективаларды талқылай келе, семинарға атысушылар пікірлерімен алмасты. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар және әдістемелік материалдар берілді.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст