«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің қызметі туралы есебі

16.03.2017

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетеді. 2016 жылғы қаңтардан бастап желтоқсанына дейінгі кезең аралығында 66 мемлекеттік көрсетілді, оның ішінде:

1.«Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау - 11;

2.«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау -55;

Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетімен қағаз және электрондық тасығыштағы түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына және көрсету мерзімдерінің бұзылуына шағымдар келіп түскен жоқ. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда тұр.

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес тегін ұсынылады.

Ақмола облысы білім басқармасы және ведомствоға қарасты ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері) тұрақты негізде жүргізіледі.

Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүзеге асырылады. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы және сапасына мониторинг жүргізіліп тұрады.

Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетімен 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.

2017 жылы Ақмола облысы білім басқармасының оқу – әдістемелік кабинетімен жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылатын болады.

Просмотров: 543


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст