«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 ж. 11 - 12 наурыз аралығында Астана қаласындағы өткен ХХХVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы ақпарат

14.03.2017

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңірек зерттеуге қызығушылық танытатын, оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізетін балаларды анықтау және қолдау мақсатында Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы, ХЭИжПҒА жанындағы "Жас Ұрпақ" орталығы, SIENA университеті (Италия), Педагогикалық даму орталығы және SAN WARSAWA (Қоғамдық Ғылымдар Академиясының, Варшава қ., Польша Республикасы) бірлесіп ХХХVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде 2017 ж. 11 - 12 наурыз аралығында Астана қаласы "Қазіргі әлемдегі өзекті ғылыми зерттеулер" тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Үздік деп таңылған жұмыстар дипломдармен, грамоталармен марапатталды.

Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының тезистері "Қазіргі әлемдегі өзекті ғылыми зерттеулер" тақырыбында ашық аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының аясында "Мақсат" ғылыми – әдістемелік журналында жарияланады. Үздік жұмыстар Варшава қаласында (Польша Республикасы) екінші кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынды.

Үздік жұмыс жетекшісі Көкшетау қ., «№2 орта мектеп- лицейі» КММ-нің директоры, математика пәнінің мұғалімі Гүлнар Жантынқызы Абдыкасымова Абай Құнанбаев атындағы төсбелгімен марапатталды. Оның оқушысы Ли Марктың «Қазіргі жастардың адамгершілік бағдары» әлеуметтану бойынша жұмысы кестелерде және сауалнама нәтижелерінде толық зерделенді және ашылды.

І дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:

Ли Марк - Көкшетау қ., №2 орта мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы;

Беркинбай Нургуль - Көкшетау қ., №2 орта мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы;

Смелик Александр, Сенин Никита- Жарқайың ауданы, Пятигорск орта мектебінің 4 сынып оқушылары;

Исин Руслан- Атбасар ауданы, №7 орта мектебінің (қазақ тілінде оқытылатын) 10 сынып оқушысы;

Искаков Рауан- Атбасар ауданы, Ново-Александровка орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

Бегежанов Тамирлан- Атбасар ауданы, Ново-Александровка орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:

Батырбаева Анна- Жарқайың ауданы Пятигорск орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

Жанболат Айасқан - Атбасар ауданы, Ново-Александровка орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

Жанайдарова Айдана- Көкшетау қ., №2 орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Иватулина Алина - Жарқайың ауданы, Тасты- Талды орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:

Камышева Жанель- Атбасар ауданы, Мариновск орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

Алкенова Гульден- Атбасар ауданы, №7 орта мектебінің (қазақ тілінде оқытылатын) 5 сынып оқушысы;

Касыкпаева Гүлнәз- Атбасар ауданы, №7 орта мектебінің (қазақ тілінде оқытылатын) 4 сынып оқушысы;

Ергалиева Данагуль- Атбасар ауданы, №7 орта мектебінің (қазақ тілінде оқытылатын) 11 сынып оқушысы;

ХХХVIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Оларға болашақта сәттілік тілейміз!

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст