«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕХАНИКА БОЙЫНША Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНДАҒЫ АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

10.03.2017

Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында 2017 жылғы 2-4 наурыз күндері математика және механика бойынша Ө.Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының VIІ Халықаралық конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика аясында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа Қазақстанның барлық аймақтарынан келген оқушылар, республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңінің I, II және III дәрежелі диплом иегерлері және шетелдік мектептердің атап айтқанда, Қырғызстан мен Тәжікстаннан ұлттық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары қатысты.

Конкурсқа 121 жоба Қазақстаннан, 16 жоба Қырғызстан мен Тәжікстаннан ұсынылды. Барлық қатысушылар саны -181 оқушы.

Ақмола командасының атынан ғылыми жобалардың республикалық конкурсының облыстық және қорытынды кезең жеңімпаздарының және жүлдегерлерінің қатарынан 3 оқушы қатысты:

Молдабеков Абылай - Астана қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

Жалелова Айнаш, Көкшетау қ. облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

Кантарбаева Аружан, Щучинск қ., жалпы типтегі мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.

Байқау қорытындысы бойынша 2 жобаның авторлары жүлделі орындарға ие болды:

ІІ орын – Көкшетау қ. облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Щучинск қ., жалпы типтегі мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.

Байқаудың Ережесіне сәйкес жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМII, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Просмотров: 635


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст