«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін білім мазмұнын жаңарту мән-мәтінінде критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында 1-сынып мұғалімдері үшін облыстық семинар- практикум туралы Ақпарат

06.03.2017

2017 жылғы 2 наурыз күні, Степногорск қаласының С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей және Л. Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназия базасында Педагогикалық Шеберлік Орталығы, Назарбаев физика - математика бағытындағы зияткерлік мектебі және Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ бірлесіп 1 сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін білім мазмұнын жаңарту мән-мәтінінде критериалды бағалау жүйесі» тақырыбы бойынша облыстық семинар - практикум өткізілді

Білім мазмұнын жаңарту, оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Степногорск қаласының С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей, Бұланды ауданы Никольск орта мектебі Л. Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясы пилоттық мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинарға 90-нан астам: 42 - қазақ тілінде оқытатын, 48 - орыс тілінде оқыту, Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің педагогтары қатысты

Семинар барысында критериалды бағалау жүйесін пайдалану, бірінші сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу үрдісінің, тиімді жоспарлау және сабақ жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинар жұмысының қорытындысы:

мұғалімдермен жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін білу және түсіну;

педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолдана білу;

бастауыш сыныптар үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсіну және қолдану;

бастауыш сынып оқушылары үшін жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде қажетті дағды мен іскерлікті меңгеру.

Семинар соңында ақпараттық-әдістемелік материалдар берілді.

Просмотров: 991


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст