«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жаңа стратегиясын бағалау: қиындықтары мен енгізу артықшылықтары" тақырыбы бойынша дөңгелек үстелді өткізу туралы ақпарат

17.02.2017

Критериалды бағалау аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2017 жылғы 17 ақпан күні Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті "дөңгелек үстел"өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына:

- Ильясова Динара Серікқызы, педагогикалық шеберлік Орталығының директоры;

- Жұрынтаева Сәуле Байкешқызы, Көкшетау қ. педагогикалық шеберлік Орталығының қызметкері;

- Мұхаметжанова Салтанат Кайратқызы, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының әдіскері;

- критериалды бағалауды енгізу бойынша аймақтық және мектептік үйлестірушілері;

- облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.

Барлығы "дөңгелек үстел" жұмысына 53 педагог қызметкерлер қатысты.

"Дөңгелек үстел" қатысушыларының алдында алғысөзімен - Құдабаева Қарлығаш Есімқызы, Ақмола облысы білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры сөйледі.

Қатысушыларға критериалды бағалау аясында аймақтық үйлестірушілер қызметі, критериалды бағалауды енгізудің мәселелері және болашағы туралы

Ильясова Динара Сериковна директоры педагогикалық шеберлік Орталығының директоры айтып өтті.

"КҮНДЕЛІК КZ" ақпараттық жүйені автоматтандыру жөніндегі ақпарат бойынша Мұхаметжанова Салтанат Кайратқызы, әдіскері Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының әдіскері сөз сөйледі.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты және мұндай кездесулер өткізу қажеттігі туралы ортақ пікірлерін айтты.

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст