«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жиынтық бағалау

24.01.2017

2017 жылдың 12-13 қаңтар күндері ынтымақтастық аясында, Көкшетау қаласындағы білім бөлімі және Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында,  №1 жетекші мектеп-гимназиясының  базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» бойынша оқыту семинарын өткізді.

Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің әдіскері Шарипова Н.Ж.  семинар ашылуында 78  мұғалімді қарсы ала отырып, критериалды бағалау жүйесі бойынша сұрақтарды талқылау қажеттілігі туындағаны жайында сөз сөйледі.

Семинар  барысында, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Журунтаева С.Б. бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау; тоқсандық жиынтық бағалау;тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау; критериалды бағалау жүйесінде баға қою механизіміне тоқталды. Жиынтық бағалау үдерісін жақсы деңгейде өткізу және ұйымдастыру бойынша тиімді ұсыныстар берілді. Критериалды бағалау бойынша мұғалімдерге әр түрлі тренингтер де өткізілді.

Мектеп үйлестірушілері, «Бос микрофон» арқылы, жиынтық бағалау бойынша сұрақтарына жауап алды. Қатысқан мұғалімдер, семинар ұйымдастырушыларына, өз ризашылығын білдірді.

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст