«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқу үрдісінде және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалау ісін ұйымдастыру " қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдер үшін арналған оқыту семинары

24.01.2017

2017 жылғы 4-7 желтоқсан аралығында Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының (Астана қ.)  қолдауымен  (Бірінші семинар облыс аудандары мен қалалары мектептерінің мұғалімдеріне арналған, екінші Көкшетау қ., № 1 ДБАОММИ, № 3 ДБАОММИ мектеп мұғалімдері үшін) "Білім алушылардың оқу үрдісінде және сабақтан тыс қызметте жобалау жұмыстарын ұйымдастыру" қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мұғалімдер үшін арналған 2 оқыту семинары  өткізілді.

Семинардың мақсаты - білім алушыларды жергілікті қоғамдастықтың  әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу, жас ұрпақтың азаматтық позициясын қалыптастыру бойынша жобалық қызметке тарту.

Екі күн бойы, саясаттану ғылымдарының  кандидаты, Ақмола облысының  инклюзивті білім беруді  дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Ибраевтың  және Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының (Астана қ.) директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты А. Аргыновтың басқаруымен мұғалімдер әлеуметтік тақырыптағы жобаны әзірлеу және таныстыру бойынша еңбек етті. Бұл жерде проблемаларды анықтаумен ғана емес, олардың шешілу жолдарын және баламалы тәсілдерін ескере отырып іс-қимыл жоспарын белгілеу қажет болды.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай семинарлар ойлануға және қоғамдағы өз рөлі мен мүмкіндіктерін түсінуге, белсенді азаматтық позицияның  маңыздылығын көруге мәжбүрлейді. Мұғалімдерде нәтижелі жұмыс үшін жағымды әсер қалды және  күш-қуат пайда болды, себебі сәуір айында әлеуметтік-маңызды тақырыптарға жобаларды қорғау бойынша жастар тыңдауы белгіленді. 

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст