«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016 жылы Ақмола облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары жөнінде ақпарат

10.01.2017

2016 жылы білім берудің жаңартылған бағдарламалары бойынша облыстың 6221 педагогы қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарында білімін арттырды.

2016 жылғы ақпан–желтоқсан айларында 5051 адам білім берудің жаңартылған бағдарламалары бойынша ДББҰ және БАИ-нан қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курсынан өтті.  Оның ішінде 1171 – бстауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі – 432, ағылшын – 207, орыс тілі – 280, «Өнер» – 465, музыка – 301, дене тәрбиесі – 63, 295 – мектеп директоры, 295 – мектеп директорларының орынбасары, 570 – мектептегі критериалды бағалауды  енгізуді үйлестіруші, 70 – аудандық және қалалық ББ әдіскер. Сондай-ақ, Ақмола облысының ПШО–да информатика пәні бойынша Робот техникасы элективтік курс бағдарламасы бойынша – 150 мұғалім және көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеті бар, біліктілігін арттырудың  деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер арасынан әдістеме, технология және оқыту бойынша 752 мектеп тренері біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2016 жылғы 30 желтоқсандағы күйіне қарай облыстың 1170 педагогы қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарынан өтті:

·     ББЖКБАРИ   базасында – 197 адам, менеджментті жетілдіру бойынша 173 адам – 29 мектепке дейінгі ұйым басшылары, 40 – мектеп директорлары, 104 – мектеп директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, 14 жалпы білім беру  мектептерінің мұғалімі,   II деңгей – 10 мұғалім;

·    БАИ базасында – 635: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері – 301, қосымша білім беру педагогтары – 35,   инклюзивтік білім беруді дамыту – 44, менеджментті жетілдіру бойынша – 56, мемлекеттік  тілді үздіксіз оқыту стандартын іске асыру бойынша –20,  оқу және жазу арқылы сыни ойлау курсы  бойынша облыстың  60 пән мұғалімі, «Тиімді оқыту» тақырыбы бойынша (ІІІ деңгей) жалпы білім беру мектептерінің 69 мұғалімі және Өзін–өзі тану пәнінің  50 мұғалімі (ІІІ деңгей) «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті;  

·   ПШО базасында 240 мұғалім деңгейлік бағдарламалар бойынша   (I деңгей – 136,  II деңгей – 56, III деңгей – 48);

·   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы»   мемлекеттік мекемесінде   II деңгей – 2 мұғалім Өзін-өзі тану пәні бойынша;    96 мұғалім «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша тілдік курстарда біліктілігін артттырудан өтті.

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст