2020 жылғы 17 тамызда «Критериалды бағалау: тәжірибе, проблемалар, перспективалар және әртүрлі білім беру технологияларын, жұмыс нысандары мен әдістерін қолдану» тақырыбында онлайн режимінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шет тілі» пәндері бойынша педагогикалық қызметкерлер секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л.С.Құрманғалиева, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ аға оқытушысы, магистр Ю.В.Астафьева, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тіл пәндеріне жетекшілік ететін әдіскерлері және облыс мұғалімдері қатысты. Секция жұмысына барлығы 100-ден астам мұғалім қатысты.
Пікірталас алаңында келесі сұрақтар талқыланды:
- қашықтықтан оқыту форматындағы жұмыстың тиімді нысандары мен әдістері:
- заманауи сабақты жобалау;
- оқушыларды ынталандыру және тарту мәселелері;
- қазіргі жағдайда тілдік пәндердің білім беру процесін ұйымдастыру;
- қалыптастырушы бағалау сұрақтары;
- қашықтықтан оқыту жағдайында тілдік пәндер бойынша дарынды балалармен жұмыс.
Қатысушылар арасында пікір алмасылды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.