«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқулық» республикалық әдістемелік семинар

20.08.2020

2020 жылғы 19 тамызда Ақмола облысында интерактивті режимде ZOOM платформасында бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Ақмола облысы білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Жаңартылған мазмұндағы 10 -11 сыныптарға арналған оқулықтардың  тұжырымдамасы (концепциясы), мазмұны мен құрылымының ерекшеліктерімен  таныстыру»  атты республикалық семинар өтті.

Жұмыс 12 секция бойынша ұйымдастырылды. 10-11 сыныптардың барлық пәндері және 5-6, 10-11 сыныптардағы информатика пәні қамтылды.

 «Мектеп» , «Арман-ПВ», «Алматыкітап», «Атамұра», «Келешек-2030», «А2+тамыр», «Жазушы», «Астана-кітап», «Көкжиек-Горизонт», «Oxford University Press», «ММ Publications», «Macmillan Education», «Express Publishing» баспаларының 80-нен астам авторлары мен редакторлары 10-11 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін таныстырды. Талқылауға Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 1980-ден астам мұғалімдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша облыс педагогтары оқулықтар мен ОӘК мазмұны бойынша авторлар мен баспаларға ұсыныстар мен ұсынымдар  әзірледі

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст