2020 жылғы 20 тамызда «Тарих», «География» пәндері бойынша «Қазіргі жағдайда «Тарих», «География» пәндерін оқытудың рухани-адамгершілік аспектілері» тақырыбында онлайн режимінде педагогикалық қызметкерлер секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л. С. Құрманғалиева, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің география, экология және туризм кафедрасының аға оқытушысы, «Келешек – 2030» баспасының редактор-картографы И.Г.Плачинта, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің «Тарих», «География» пәндеріне жетекшілік ететін әдіскерлері және облыс мұғалімдері қатысты. Секция жұмысына барлығы 89 мұғалім қатысты.
Секция жұмысында келесі сұрақтар талқыланды:
- география сабақтарында оқушылардың экологиялық шындықты кең қабылдауын қалыптастыру үшін ГАЖ қосымшаларын қолдану перспективасы;
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында жаратылыстану пәндерін оқыту;
- 2020-2021 оқу жылында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
- қазіргі жағдайда білім беру үдерісін ұйымдастыру;
- «Тарих» пәнін оқытудағы қашықтықтан оқыту мәселелері: мәселелері мен болашағы;
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- география және жаратылыстану сабақтарында оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды