Тамыз кеңесі шеңберінде 2020 жылғы 19 тамыз күні «Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқытудың жаңа интерактивті нысандары мен әдістерін пайдалану» тақырыбында қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің секциясы өткізілді.
Мақсаты: жаңа 2020-2021 оқу жылында өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім берудің мазмұнын одан әрі жетілдіру және сапасын арттыру үшін басым бағыттарды анықтау.
Семинар жұмысына білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, облыстық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жалпы қатысқандар саны -78 адам.
Тамыз секциясы барысында балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи формалары мен әдістері зерделенді.
Семинар соңында талқылау, ағымдағы мәселелерді шешу және ұсыныстар қабылданды.