Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагог қызметкерлерінің секциясын өткізу туралы ақпарат
Тамыз кеңесі шеңберінде 2020 жылғы 20 тамыз күні «Жаңа білім беру технологияларын енгізу арқылы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру» тақрыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагог қызметкерлерінің секциясы өткізілді.
Секция жұмысына облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, ТжКБ ұйымдары директорларының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 82 адам.
Қатысушылар сапалы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін жағдай жасауды; WorldSkills стандарттарын енгізу және типтік жүйеге бейімдеу процесін жеделдету бойынша тиімді шараларды; колледжде модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын талқылады.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдарды қабылдады.