«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы ТжКББ ұйымдары басшыларының секциялық жұмысы бойынша ақпарат

21.08.2020

2020 жылғы 19 тамыз күні online форматта Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру басшыларының жыл сайынғы тамыз секциясы өткізілді. Секция жұмысынды техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті заманауи үрдістер сұрақтары талқылауға салынды. Алғы сөзбен білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Георгиевич Гамазов сөз сөйледі.

Секция жұмысына білім басқармасының мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, ТжКБ ұйымдарының басшылары, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Бұл іс-шараны жыл сайын өткізу жаңа оқу жылының өзіндік бастамасы болып табылады.

Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптары туралы Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Д.С. Булгаева айтып өтті.

Степногорск қаласының индустриалды - техникалық колледжінің директоры Е. В. Крайневаның баяндамасы жаңа үлгідегі колледжді құрастыруға арналды.

Чаглинка ауылы, жоғары агротехникалық колледжінің директоры Қ.Т. Қарабаев қашықтықтан оқыту жағдайында аграрлық бағыттағы кадрларды даярлау туралы мәселесі жөнінде сөз сөйледі.

Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің директоры Г.В. Бичун және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры К. Г. Идрисова колледждердегі академиялық еркіндік туралы өз ойларымен бөлісті.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст