«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру»

06.08.2024

2024 жылдың 2 тамызында  Көкшетау қаласы  «Bolashak saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-сі  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру»  тақырыбында Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалары мен аудандардың әдістемелік кабинеттердің тәрбие әдіскерлеріне  семинар өткізді.  

Семинар барысында  Ақмола облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы Л. Курмангалиева тәрбиенің жаңартылған парадигмасына, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесіне, тәрбие құндылықтарын пәндік мазмұн, әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар, сынып сағаттары  негізінде іске асыру мәселелеріне шолу жасады.

Семинар білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысы түсіндіруді, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылауды, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік жобалар арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін  меңгертуді қарастырды.

Қосшы қаласының Р.Қошқарбай атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие орынбасары Г. Бажиева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен әдіскерлерді таныстырды, практикалық жұмыс барысында  өз тәжірибесімен бөлісті.

Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі директорының тәрбие орынбасары А. Жартанова әлеуметтік жобалар арқылы оқушы бойында құндылықтарды дарытудың маңыздылығымен тәжірибе алмасты.

Практикалық жұмыс барысында әдіскерлер құндылықтарға байланысты әлеуметтік жобаларды қалай жоспарлауға болатындығын түсініп, жоспарын әзірлеп, әріптестік ортада талдап, өзара тәжірибе алмасты. Құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау мен оны жүзеге асыруда қандай проблемалар болуы мүмкін және оларды қалай шешуге болатындығы туралы өзара кері байланыс жасады. Шешу жолдарын бірлесіп талдады.

Просмотров: 3775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст