Текст
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің алғашқы мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылулық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Сіздерге сұлулықтарыңыз бен әдеміліктеріңіз, түсіністік пен шыдамдылықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Әрқашан гүлдей жайнап жүре беріңіздер, бақыт, махаббат және сәттілік өмірлік серіктеріңіз болсын!