«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бурабай ауданына әдістемелік шығу туралы ақпарат

03.03.2018

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018 жылғы 28 ақпан 2 наурыз аралығында Бурабай ауданының Сәтпаев атындағы орта мектебіне және Ақылбай ауылының орта мектебіне келесі құрамдағы жұмыс тобының әдістемелік шығуы ұйымдастырылды:

1. Баймакова Ж. Д. - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің директоры;

2. Мұхамеджанова А. К. - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы;

3. Тұрсынбекова Ж. Қ. - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің әдіскері;

4. Жакенова А. Б. - Бурабай аудандық білім бөлімінің бас маманы;

5. Ташпенова А. А. - Бурабай аудандық білім бөлімінің бас маманы;

6. Кунтуган Р. К. - Бурабай аудандық білім бөлімінің әдіскері;

7. Шайменова Г.А. - Бурабай аудандық білім бөлімінің әдіскері;

8. Клишина С.Э. - Златопольский орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

9. Уаисова Н.Ж. - Щучинск қаласы, №8 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;

10. Рамазанова А.К. – Щучинск қаласы, №8 мектеп- гимназиясының қазақ тілі мұғалімі ;

11. Батаева Қ.И. –Щучинск қ. №3 ОМ кітапханашысы;

Жұмыс тобымен келесі бағыттар бойынша құжаттар тексерілді:

1. Істер номенклатурасы

2. Мектептің құрылтай құжаттары

3. Мектепішілік жылдық жоспар

4. Жұмыс оқу жоспары

5. Штат кестесі

6. Педагогтердің тарификациялық тізімі, мұғалімдерінің сапалық құрамы

7. Еңбек кітапшалары, еңбек кітапшаларын тіркеу журналы

8. Педагогтердің аттестациясы

9. Педагогтардің курстық дайындығы

10. Ішкі тәртіп ережелері

11. Лауазымдық нұсқаулықтар

12. Еңбек шарттары

13. Педагогикалық кеңестің хаттамалары

14. Директор мен орынбасарларының қатысуымен өтетін отырыстардың хаттамалары

15. Мектептің әдістемелік қызметінің құжаттары

16. Психологтың құжаттамасы

17. Қызметкерлердің жеке істері

18. Оқушылардың жеке қағаздары

19.Сынып журналдары, босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы

20. Қатаң есептілік құжаттар (куәліктер мен аттестаттарды есепке алу және беру журналы, алфавиттік кітап, бұйрықтарды және оқушылардың табельдерін тіркеу журналы)

21. ҰБТ және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша құжаттар

22.Тәрбие жұмысы

23. Пән мұғалімдерінің құжаттары

24.Сабақ және қоңырау кестесі.

25. Ұжымдық шарт

Әдістемелік шығу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1.ҚР «Тілдер туралы» Заңын орындау;

2.Білім бөліміне штат кестесін ретке келтіру, мекемеге қызмет көрсету бойынша жетпеген 0,5 мөлшерлемені бөліп беру;

3.Мектептің барлық құжаттары ҚР БҒМ бұйрықтарына және ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес тәртіпке келтіру (жұмыс тобының мүшелерімен бұйрықтар мен қаулылардың тізбесі электрондық нұсқада берілді);

4.Мектептің жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша 10-11-сыныптарға арналған оқу жұмыс жоспары Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес тәртіпке келтіру;

5.Қатаң есептегі құжаттар өзгерістер енгізілген, 13.12.2017ж. № 615 бұйрығымен тіркелген ҚР БҒМ № 502 бұйрығына сәйкес тәртіпке келтіру (педагогикалық кеңестің хаттамалары, алфавиттік кітап, жеке іс қағаздары, табельдер, сыныптық журналдар, факультативтік сабақтардың журналдары)

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст