Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» КММ-сі 2020 жылғы 18 қыркүйек күні онлайн форматында «Педагогтың мінез - құлық мәдениеті – еліктеу үлгісі ретінде» педагогикалық этика мәселелері бойынша вебинар өткізді. Оған педагогикалық этика мәселелеріне жетекшілік ететін білім беру ұйымдарының мамандары, педагог қызметкерлері қатысты. Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: «Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық этика ережелері», С.С.Сералина техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы; «Біз біргеміз!» тренингі, И.И.Ермұханова, тәрбие бөлімінің әдіскері, педагог-психолог; «Заманауи педагог этикасы», мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімі басшысының м.а. А.Э.Майбах. Вебинарды облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л.С.Құрманғалиева қорытындылады. Қатысушылар саны – 239