«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосымша білім беру педагогтерінің секциясы

19.08.2024

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тамыз кеңесі аясында 2024 жылғы 15 тамызда «Балаларға қосымша білім беруде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» қосымша білім беру педагогтарының секциясы өткізілді.

Мақсаты: жаңа 2024-2025 оқу жылында өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім берудің мазмұнын одан әрі жетілдіру және сапасын арттыру үшін басым бағыттарды анықтау. Қосымша білім беру жүйесінде жасанды интеллекті дамыту мен қолданудың өзекті мәселелерін талқылау.

Семинар жұмысына Светличный Руслан Владимирович, Көкшетау қаласының  IТ Step Академиясының  оқытушы, Belford AI техникалық-директоры (бас инженері), әзірлеуші; Абдигапаров Әсет Мерекеұлы, Көкшетау қаласын балалар мен жасөспірімдер сарайының «BOLASHAQ SARAIY» инженерлік-техникалық бөлімінің меңгерушісі, Ператинская Анастасия Михайловна, Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің қосымша білім беру педагогы,  Асқар Кәмила Нұрғазықызы, Көкшетау қаласы № 13 «ЭКОС» мектеп – гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі, жаратылыстану ғылымдары магистрі, білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтер қатысты. Жалпы қатысқандар саны -98 адам.

Тамыз секциясы барысында балаларға қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи формалары мен әдістері зерделенді.

Семинар соңында талқылау, ағымдағы мәселелерді шешу және ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 2846


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст