2020 жылғы 24-25 қыркүйек күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Talap» КЕАҚ бірлесіп «WorldSkills стандарттары бойынша чемпионатты ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында on-line оқыту семинарын өткізді. Семинар WorldSkills халықаралық тәжірибесін тиімді енгізу бойынша сарапшы-компатриоттардың, тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту департаментінің, «Talap» КЕАҚ бас менеджері Есдавлетова А.А. чемпионат ережелеріндегі өзгерістермен таныстырып, ұйымдастыру және өткізу мәселелерін түсіндірді.
Семинардың екінші бөлімінде WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту департаментінің, «Talap» КЕАҚ бас менеджері Гасимов Р.Г. чемпионаттарды өткізу кезінде CIS жүйесін (жарыстардың ақпараттық жүйесі) қолдану бойынша нұсқаулық өткізді.
Семинарға қатысушылар CIS жүйесін қолданудың практикалық тәжірибесімен танысты. Оқыту семинары теориялық және практикалық бөлім бойынша қорытындылаумен аяқталды. Нәтижесінде семинарға қатысушыларға сарапшы сертификаты беріледі.
Семинарға 238 адам қатысты.