«Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» жобасы негізінде аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде) жаңа оқу жылынан бастап оқу жылы аяқталғанға дейін буккроссинг жүргізілуде.
Буккроссинг оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу мақсатында өткізіледі.
2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында, колледждерде 15097 оқушыны қамти отырып, 147 іс-шара ұйымдастырылды: «Кітаппен кездесулер» буккросинг- іс-шара, «Тіл - әр халықтың байлығы», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Тілім менің - тірегім», «Абай әлемі әртүрлі тілдерде», «Отбасы - мемлекеттің негізі», «Бір ел - бір кітап», «Тәуелсіздік тірегі - Ата заң», «Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры», «Кітап-рухани байлық», «Ұлылардың ұлысы-Абай», «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы», «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілі» кітап көрмелері, «Буккроссинг дегеніміз не?», «Сүйікті кітабыңды басқаға бер», «Әл Фараби-Шығыстың ұлы ойшылы», «Тіл-ұлттың жаны», «Керемет ғаламшар-отбасы», «Менің сүйікті жануарларым» онлайн сұхбаттар, Қазақстан халықтарының тілдері күніне және туризім күніне арналған «Туризм және Қазақстан» көрмесі, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» мелодекламациясы, «Қазақстан халқының Тілдер күні», «Асқар Тоқтағамбетов – 115» жазушының әдеби қызметі» бейнеролигі, «Біз оқып шықтық - сен оқы» (3-4 сынып) әңгіме, «Абайды таныған Мұхтар, Мұхтарды таныған Абай» виртуалды көрмесі «Даналық әліппесі», «Біз әртүрлі тілдерде сөйлейміз» кітапхана сағаты, «Назар аударыңыз! BookCrossing», «Жақсы кітап-жан азығы» электронды буккроссинг – жарнама және т.б.