«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік ресурстық орталық» конкурсы туралы ақпарат

16.10.2020

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат шағын жинақты мектептер кадрларының білім беру және біліктілік деңгейін арттыруға, ақпараттандыру бағдарламасын енгізуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған.

Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру жолдарының бірі - ауылдық жерлердегі оқушылардың білім беру процесінің дамуы мен сапасын қамтамасыз ететін бірыңғай мақсаттары мен міндеттері бар ресурстық орталықтар құру.

2020 жылғы 16 қазан күні «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. «Үздік ресурстық орталық» конкурсының негізгі идеясы магниттік мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру және әлеуметтендіру бойынша ресурстық орталықтардың қызметінің тиімді әдіс-тәсілдерін  анықтау болып табылады.

Жобаларды қорғауға 12 ресурстық орталық (тірек мектептер) қатысты:

1. Зеренді ауданы әкімдігінің «Шағалалы орта мектебі» КММ

2. Целиноград ауданы білім бөлімінің «Нұресіл ауылының орта  мектебі» ММ

3. Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Балкашин №1  орта мектебі»  ММ

4. Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Ерейментау қаласының №1 орта мектебі» КММ

5. Атбасар ауданы білім бөлімінің «Атбасар қаласы мектеп жанындағы интернатымен  № 8 орта мектебі»  КММ

6. Есіл ауданы білім бөлімінің «Есіл қаласы С.Серіков атындағы орта мектебі,  мектеп жанындағы интернатымен»  КММ

7. Бурабай ауданы білім бөлімінің «Щучинск қаласы №11 ІТ мектеп-лицейі» КММ

8. Біржан сал ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі» ММ

9. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Егіндікөл  №1 орта мектебі»  КММ

10. Бұланды ауданы білім бөлімінің  «Капитоновка орта мектебі» КММ

11. Ақкөл ауданы білім бөлімінің «Ақкөл  қаласының П.Исаков атындағы №1 орта мектебі» КММ

12. Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ.

Жұмыс барысында қатысушылар жаңа педагогикалық идеяларды, инновациялық тәсілдерді, ресурстық орталықтардың әдістемелік және оқу-тәрбиелік қызметін көрсетті. Конкурс облыстың үздік ресурстық орталықтарының жұмыс тәжірибесін анықтауға және оны таратуға мүмкіндік берді. Шығармашылық ізденіс элементтерімен толтырылған, әдістемелік қызметтің тиімділігін, ресурстық орталықтар мен магниттік мектеп оқушыларының жоғары білім көрсеткіштерін көрсететін жарқын жобалар сараптамалық комиссияның жоғары бағасына ие болды.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ресурстық орталықтарға берілді:

1 орын – Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Балкашин №1  орта мектебі»  ММ ресурстық орталығы;

2 орын – Атбасар ауданы білім бөлімінің «Атбасар қаласы мектеп жанындағы интернатымен  № 8 орта мектебі»  КММ ресурстық орталығы;

3 орын – Ерейментау ауданы білім бөлімінің «Ерейментау қаласының №1 орта мектебі» КММ ресурстық орталығы;

Номинациялар бойынша

1. Зеренді ауданы әкімдігінің «Шағалалы орта мектебі» КММ;

2. Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Крупская атындағы орта мектебі» КММ.

Ережеге сәйкес конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпазы «Үздік ресурстық орталық» республикалық конкурсына қатысады.

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст