Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 14-15 қазан күндері мектепке дейінгі ұйымдары арасында экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру, балаларды табиғаттың сұлулығын бағалай білуге үйрету, әлемнің эстетикалық қабылдауын дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, эко-акцияға қатысушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту;мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарына экологиялық білім мен білім беруге ықпал ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдары арасында «Табиғат-біздің ортақ үйміз» атты эко-акциясын өткізді.
Комиссия шешімі қазанның 19-і күні жеңімпаздары анықталды:
І орын – Атбасар ауданы №5 балабақша қаралым-2772, лайк-664, пікір-400;
ІІ орын – Целиноград ауданы «Жұлдыз» балабақшасы, қаралым-3227, лайк-511, пікір-260;
ІІІ орын – Астрахан ауданы «Балдәурен» жеке меншік балабақшасы, қаралым-32147, лайк-337, пікір-331.
Қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.