«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АУЫЛДЫҚ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

27.11.2020

2020 жылғы 27 қараша күні «Ауылдық шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбы бойынша республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Ұйымдастырушы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» болып табылады.

Конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының директоры, жоғары оқу орындарының оқытушылары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, ШЖМ директорлары мен педагогтары қатысты.

Конференция жұмысы барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ауылдық шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) қазіргі жағдайы мен дамуы мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша диалог ұйымдастырылды.

Конференцияда келесі мәселелер қаралды:

- ауылдық шағын жинақты мектепті басқару: қазіргі жағдайы және даму болашағы;

- біліктілікті арттыру жүйесінде шағын жинақты мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды сүйемелдеу;

- ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру;

- ШЖМ педагогтерінің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

- шағын жинақты мектептер үшін кадрлар даярлау мәселесі;

- ШЖМ-де білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру бойынша ресурстық орталықтың қызметі.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст