«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» жобасы негізінде Ақмола облысының білім беру ұйымдарында буккроссинг өткізу туралы ақпарат

30.11.2020

2020 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде 19067 оқушыны қамти отырып,               848-ге жуық іс-шара өткізілді.

Оқушылар мен студенттер «Кітаптарға өмір сыйла» акциясына, «Өзің оқы да, басқаға бер», «Кітап – асыл қазына» челленджіне қатысты, дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай СӨС туралы кітапханалық квилт мазмұнын талқылады, буккроссерлер рөлінде сөз сөйледі – электрондық кітаптарды таратып, мазмұны бойынша ең пайдалы және өзекті деп жарнамалады; «ЛитРес» кітапханасы ұсынған «Жақсы кітап-жан азығы» акциясы аясында студенттер biblio.litres.ru сайтында «ЛитРес» тегін қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан Республикасында Рухани келісім күніне орай «Абай мұрасы – Мәңгілік мирас» атты тақырыптық кітап көрмесі өткізілді.

«Қазақ елінің болашағы қазақ тілінде», «Даналық әліппесі», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Алтын күз-2020», «Менің жеке кітапханам», «Менің сүйікті ертегім», «Ата-бабаларымыздың парақтары бойынша»  қарттар күніне арналған кітап көрмелері, «Бұл кітаптарды біздің ата-әжелеріміз оқыды», «Атамекен-алтын бесік», «Қарттарым-асыл қазынам» кітап көрмелері дәстүрге айналды; бастауыш «кезекші сынып» оқушылары «Шалқан» ертегісі бойынша қуыршақ театрына барды.

Көрнекті қазақ ғалымдары мен ағартушыларының айтулы оқиғалары мен мерейтойлық күндерін мерекелеу жылында «Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150 жыл», «Әл-Фараби – әлемдік тұлға», «Қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл», «Қазақ хандығының 555 жылдығы» тақырыптық көрмелері; Қазақстанда кітапханашылар күніне орай «Мен кітапханашымын» бейне-эссе және т. б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қатысушылардың жалпы саны 17 мыңнан асады.

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст