«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық вебинар туралы ақпарат

30.11.2020

Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты адамның жеке әлеуетін барынша ашуға, дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке қол жеткізуге бағытталған, оқу-тәрбие процесінде әртүрлі жолдармен және ең алдымен «Өзін-өзі тану» пәні арқылы іске асырылатын рухани - адамгершілік   білім беру болды.

Студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесі Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің педагогтерін даярлаудың жүйе құраушы факторы болып табылады. Колледж өз тәжірибесін республикалық вебинарда ұсынды, онда студенттер тұлғасының адамгершілік негіздерін дамыту, оның рухани жетілуі мен өзін-өзі іске асыру жолдарын ашты.

2020 жылғы 25 қарашасында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-сі Ақмола облысы білім басқармасының «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық                               колледжі» ШЖҚ МКК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру ерекшеліктері: Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің тәжірибесі»  тақырыбында республикалық вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату болып табылады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Бөбек» ҰҒПББСО адамның үйлесімді дамуы институтының бас ғылыми қызметкері Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Вебинарға Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы бойынша пилоттық жобаны іске асыратын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 100 педагогы қатысып, модульдерде ұсынылған Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК білім беру үдерісімен танысты.

Вебинар қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК қызметінің басым бағыттарын анықтайтын ұсыныстар әзірленді. Вебинарда ұсынылған педагогтердің жұмыстарын «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының сайтына орналастыру ұсынылды. Сондай-ақ, келесі іс-шараларға «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасы туралы өз пікірлерін білдіру үшін   студенттерді енгізу туралы ұсыныс ұсынылды

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст