Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» КММ-сі 2020 жылғы 03 желтоқсан күні онлайн форматта қалалық, аудандық әдістемелік бірлестік басшыларына, білім беру ұйымдарының педагог - психологтарының қызметіне жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған семинар – кеңес өткізді.
Жұмыс барысында келесі мәселелер қарастырылды: «Инклюзивті білім беру аясында педагог-психологтардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету» - Ермуханова И.И., Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің әдіскері; «Инклюзивті білім беру жағдайында педагог-психологтың қызметін нормативтік - әдістемелік қамтамасыз ету» - Дударева М. А., Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы; «Ерте балалық аутизмі бар балаларды оқу қызметіне әлеуметтік-педагогикалық бейімдеуді қалыптастыру» - Манатов А.А., Жарқайың ауданы Гастелло ОМ педагог – психологы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды. Жалпы қатысушылар саны - 40 адам.