2020 жылғы 9 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында педагогтердің ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық қызметін ынталандыру мақсатында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Білім беру ұйымдарынан жалпы 69 педагогтер қатысты.
Облыстық қашықтық конкурсы 5 бағыттар бойынша өтті:
1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері».
2. « Өлкетану - ұлттық жаңғыру».
3. «Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр Әл-Фараби».
4. «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат».
5. «Көкше өңірінің Ұлы есімдері».
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:
1. «Ақмола облысының тарихи ескерткіштері» бағыты бойынша:
І орын – Махметова Ақнұр Уалитовна, №3 Красный Яр көпсалалы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі;
II орын – Бакирова Амина Пазулжановна, Атбасар ауданы №2 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Оразов Амангелді Шортанбайұлы, Зеренді ауданы Абай орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.
2. « Өлкетану - ұлттық жаңғыру» бағыты бойынша:
І орын – Уразметова Ирина Викторовна, Есіл ауданы Бұзылық орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі;
II орын – Ербатырова Зухра Серікқызы, Ерейментау ауданы Агротехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы;
ІІІ орын – Алпыспаева Cалтанат Амантайқызы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 ОДБАММИ тарих пәнінің мұғалімі.
3. «Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр Әл-Фараби» бағыты бойынша:
І орын – Нұрмаханова Гулзинат Махмутовна, Бурабай ауданы Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
II орын – Канди Бақшагүл, Ақкөл ауданы Кеңес орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Теңсел Назгүл, Бұланды ауданы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі;
4. «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» бағыты бойынша:
І орын – Касенов Ернұр Жанатұлы, Қорғалжын ауданы Амангелді орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі;
II орын – Сухова Елена Александровна, Степногорск қаласы А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Мұрат Ақерке Айтымқызы, Көкшетау қаласы, №19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
5. «Көкше өңірінің Ұлы есімдері» бағыты бойынша:
І орын –Баткалова Алма Нурсупхановна, Көкшетау қаласы,Әл-Фараби атындағы ІТ – лицейінің тарих пәнінің мұғалімі;
II орын – Канафина Гүлнұр Жолдыбекқызы, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Жилкайдарова Гульсум Куанышбековна, Көкшетау қаласы № 6 орта мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі.
Жүлделі орын иегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады, сонымен қатар барлық қатысушыларға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.