«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру ұйымдарында «Абай клубтарының» ашылуы туралы ақпарат

30.12.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, ұлтымыздың ұлы ақыны Абайдың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтар мен ұлттық сана-сезімді дарыту мақсатында 2020 жылғы  желтоқсан айында аудандық (қалалық) жалпы орта білім беру ұйымдарында және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда «Абай» мектеп клубтары салтанатты түрде ашылды: Көкшетау қаласында -1 мектепте, Ақкөл ауданында-4 мектепте, Аршалы ауданында-6 мектепте, Астрахан ауданында-1 мектепте, Атбасар ауданында- 2 мектепте, Біржан сал ауданында-2 мектепте, Бұланды ауданында-  4 мектепте, Бурабай ауданында-1 мектепте, Егіндікөл ауданында- 1 мектепте, Ерейментау ауданында - 7 мектепте, Есіл ауданында - 1 мектепте, Жақсы ауданында-12 мектепте, Жарқайың ауданында-21 мектепте, Зеренді ауданында - 17 мектепте,  Сандықтау ауданында -  8 мектепте, Целиноград ауданында -   4 мектепте, Шортанды ауданында-15 мектепте, «Білім - инновация» лицей-интернаты» КММ-де, «Нұр-Сұлтан қаласы,дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ- де, «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де, «Степногорск қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де. Степногорск қаласында алдағы уақытта ашылу жоспарланып отыр.

«Абай» клубтарында білім беру ұйымдарының бұйрығы, әзірленген ереже және бекітілген жоспар негізінде жұмыс жүргізіледі.

Клуб мүшелері шығармашылықпен айналысатын, сөз өнерін бағалайтын абайтанушы оқушылар болып табылады.

Просмотров: 557


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст