«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы» жобасы негізінде Ақмола облысының білім беру ұйымдарында буккроссинг өткізу туралы ақпарат

30.12.2020

2020 жылғы  желтоқсан айында облыстың жалпы  білім беру ұйымдарында және колледждерінде 18037 оқушыны қамти отырып, шамамен 191  іс-шара ұйымдастырылды: Д. Лондонның «Белый  клык» кітабы бойынша буктрейлер, Тұңғыш Президент күніне арналған бейнедәріс, «Қазақстанның табиғаты» балалар суреттерінің панорамасы,   Б. Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы» портрет-көрмесі, Тұңғыш Президент күніне орай «Ғасырдың тамаша азаматы», «Менің Отаным- Менің Қазақстаным» кітап көрмесі, «Абайлаңыз ЖИТС» тақырыптық сөре безендірілді, «Сен оқымаған кітап» тақырыбында әңгіме, «Буккроссинг деген не?» экскурсия, «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» кітапханалық сағат, «Тәуелсіз Қазақстан тарихының білгірлері» викторинасы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған кітаптардың виртуалды көрмесі, «Кітаппен өмір бойынша» буккроссинг – онлайн,  «Мектепке кітап сыйла» акциясы, Міржақып Дулатұлының                         135 жылдығына арналған презентация, қазақ халық ертегілері бойынша онлайн-викторина, «Мен әпкелер мен ағаларыма кітап оқимын»  бейнеролигі және т. б.

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст