5-6 қазанда Ақмола облысы педагогтерінің делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы - мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезіне қатысты. Съезд жұмысында ТМД елдерінің білім беру саласындағы даму перспективалары, өзгерістер, инновациялар талқыланды.
Съезд аясында ТМД елдерінің мұғалімдері мен білім беру саласындағы қызметкерлердің II Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті.
Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі - ТМД-ның 6 елінің (Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей) өкілдері оқытуды дамытудың авторлық тәжірибесімен бөлісіп, сол арқылы ТМД аумағында бірыңғай білім беру кеңістігін құруға үлес қосқан сараптамалық алаң.
Фестивальдің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша біздің әріптестеріміз Бурабай ауданы Дмитриевка ауылы орта мектебінің педагог –психологы Деш Наталья Константиновнаның және Көкшетау қаласы «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Москаленко Елена Анатольевнаның авторлық жұмыстарын қазылар алқасының мүшелері финалға қатысу үшін таңдап алды. Наталья Константиновна мен Елена Анатольевна ТМД елдерінің үздік педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңдарында екі номинация бойынша шеберлік сағаттарын өткізді: тәрбиеші және психолог.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілейміз.
/public/files/2022/10/7/071022_230632_syezd-boyynsha-pedagogterd-pkr.docx
/public/files/2022/10/10/101022_144810_syezd-boyynsha-pedagogterd-pkr.docx