Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда Көкшетау қаласы № 19 ОМ инклюзивті тәжірибелерді енгізу жөніндегі ресурстық орталықтың базасында тірек мектеп мұғалімдеріне инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша облыстық оқу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жәрдемдесу. Семинарға білім беру мекемелерінен 32 өкіл қатысты. Семинарды Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы М. Ибраев ашты, ол өз сөзінде қаралатын мәселелердің өзектілігі, тақырыптың маңыздылығы, оқу процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу қажеттілігі жайлы айтып өтті.
Сөз кезегі Ақмола облысы Көкшетау қаласының «Мектеп» білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚБ төрағасы, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшесі, мектеп директоры С. Б.Ахметжановаға берілді. Светлана Бекетқызы Көкшетау қаласы № 19 ОМ-де инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасымен таныстырды. «Орындау мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сабақты жоспарлау негізі ретінде» тақырыбы семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Бурдинская О. В., ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп – интернатының директоры «Қоғамның бүгінгі басты мақсаты - педагогтерді балалармен жұмыс істеуге үйрету» тақырыбындағы баяндамасында педагогтың атқаратын рөлін айтып өтті. «Педагогтың басты міндеті оқушылармен қарым-қатынас жасауда адам туралы түсініктің медициналық емес, әлеуметтік үлгісіне сүйену керек» деді Ольга Владимировна. Әр мұғалімң ой-өрісі кең, толерантты болуыға және дені сау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түйсікті сегменттеумен айналыспауға тиіс. Педагогта бала денсаулығының көрсеткіштері туралы мәлімет болмаған кезде, ол априори объективті болады. Яғни аяныш сезімі болмайды. Ал оны басты педагогикалық міндет - баланы үйретуге ұмтылу ауыстырады. Бұны педагогтың құзыреттілігін арттыру және кеңейту арқылы жасауға болады. Барлық балалар әр түрлі, бірақ барлық балалар бірдей оқығысы келе бермейді. Ең іргелі позиция инклюзивті білім беру барысында болады, бұл оқу орнының деңгейіне бала бейімделуге және сәйкес болуға тиісті емес, керісінше оқу орны барлық балалар үшін әмбебап болуы тиіс.
Тәжірибемен алмасу үшін ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп – интернатының мұғалімдері шеберлік сабақтар өткізді. Шеберлік сабақтар әрбір қатысушыға оқушы мен мұғалім рөлінде болуға мүмкіндік берді.
Семинарға қатысушылар сабақ тақырыбының өзектілігін, материалдың кәсіби ұсынылуын, сондай-ақ іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырғанын айтылып өтті .