«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқыту мен білім берудің TALIS 2018 халықаралық зерттеуі

11.12.2017

Қазақстанда оқыту мен білім берудің TALIS халықаралық зерттеуі 2016-2019 жылдар аралығында алғаш рет өтіп жатыр. Зерттеудің үшінші кезеңінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) шешімімен бес құрлықтан 46 ел қатысады.

Зерттеулерді жоғары деңгейде іске асыру мақсатында зерттеу үйлестіруші ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен 2017 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында № 59 мектеп-лицей базасында облыс және мектеп үйлестірушілеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

TALIS зерттеуінің мақсаты мұғалімдердің қызметін, жұмыс жағдайын және мектептегі білім беру ортасы туралы деректерін беру. Зерттеу мұғалімдер мен мектеп директорларына білім беру жүйесіне өз үлесін енгізуге және негізгі бағыттар бойынша білім беру саясатын дамытуға мүмкіндік береді. TALIS зерттеуі бойынша елдер арасындағы деректер талдауы ұқсас проблемалары бар басқа елдерді анықтауға және өзге де білім беру реформаларды танып білуге мүмкіндік береді.

TALIS 2018 зерттеуі аясында 5-9(10) сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мен жалпы білім беретін мектеп директорларының арасында сауалнама жүргізіледі. Зерттеуге қатысу үшін елдерде мектеп пен мұғалімдер кездейсоқ таңдалады. Қазақстанда зерттеу жүргізу үшін 6660 мұғалім арасында 333 мектеп іріктеп алынды, соның ішінде Ақмола облысынан осы зерттеуге 23 мектеп қатысады (1 қосымша).

Просмотров: 711

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст